Қарқаралының Жартас өзенінде балықтардың жаппай қырылуы тіркелді

2 Мамыр 2023, 16:01
756
Бөлісу:
Қарқаралының Жартас өзенінде балықтардың жаппай қырылуы тіркелді
Фото: egemen.kz

Жартас өзеніне балық аулауға барған балықшылар балықтардың жаппай қырылып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып, дабыл қаққан. Оқиға орнына келген мамандар балықтың қырылғандығын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

30 сәуір күні әлеуметтік желіде тараған ақпаратты тексеру барысында Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейн инспекциясының мамандары Қарқаралының Жартас өзінінен 32 келі өлі балық тапқан. Оның 27 келісі сазан, қалған 5 келісі алабұға.

1 мамыр күні оқиға орнына келген комиссия жалпы салмағы 32 келіге жететін балық түрлерінің қырылуын тіркеді. Қарағанды облысы Экология департаменті судың сынамасын алды. Қарағанды облысы ветеринария басқармасымен бірлесе өлген балықтарды барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жинау және жою шаралары ұйымдастырылды, - деп хабарлады Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассайн инспекциясы.

Алдын ала болжам бойынша, балықтардың қырылуына су қоймасындағы оттегінің төмен концентрациясы себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы