Қарқаралыны өрттен құтқарған батырлар кімдер?

Бүгiн, 10:33
131
Бөлісу:
Қарқаралыны өрттен құтқарған батырлар кімдер?
Фото: видеодан кадр

Еліміздің екі облысында алапат өрт болып, 35 мың гектар жер өртенді. Абырой болғанда тілсіз жаудан Қарағанды облысының 7 елді мекені аман қалды. Онда 1,7 халық пен 30 мыңнан аса мал басы бар. Тұрғындар мұндай өрт елді мекерде бірінші рет болғанын айтты. Сөзінше, халықтың басы бірігіп, ұмтылмас ерліктер жасалған. Аймаққа сапар шеккен BAQ.KZ тілшісі Қарқаралыны өрттен құтқарған батырлар кімдер екенін білді.

Қарқаралы ауданы, Шарықты ауылдық округіне 4 ауыл қарайды. Олар: Айыр, Қызылшілік, Теректі, Шөптікөл. Аймақта 1700-дей адам тұрады.

“Халқымыз ерлік жасады”

Шарықты округінің әкімі Ербұлан Жаман қазіргі таңда өрт ошақтарының бәрі ауыздықталғанын, елді мекен тұрғындарына қауіп жоқ екенін айтты.

Қазанның 6-сы күні таңғы 10-ның шамасында бізге қарайтын ауылдың аймағына өрт келді. Бүкіл күш дер кезінде жұмылдырылып, ауданға хабарлама жіберілді. Ахуалға байланысты Теректі ауылында арнайы штаб құрылды. Онда департамент басшылары, Төтенше жағдайлар министрлігі және аудан мен облыс басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірді. 
Елді мекен халқы өртке бейжай қараған жоқ. Бүкілі дерлік өз күшін сарп етті. Біздің халқымыз ерлік жасады деп айтумызға әбден болады. Өйткені кейбірі өртті сөндіруге тікелей қатысса, тағы бірі қажетті заттарды тасымалдап, қолдан келгенше қолын созды. Халық қиындықпен бетпе-бет қалмайтынын түсініп, жаңа иммунитет қалыптастырды, – деді Ербұлан Жаман.

Әкімнің сөзінше, мұндай ауқымды өрт биыл бірінші болып отыр.

Өртке күн райының да ықпалы бар. Өздеріңізге мәлім, биыл жауын-шашын мол болып, шөп қалың шықты. Кейін күн жылып, жер қызды. Міне, соның салдарынан өрт қаупі шығып отыр. Бірақ аймақта өрт жиіледі деп айта алмаймыз, – деді Ербұлан Жаман.

“Жер - ата-бабамыздың аманаты”

Қиын-қыстау кезеңде бизнес те қалыс қалған жоқ. Округте 800-ге жуық азаматты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын басшысы Алмас Калимурзин жергілікті азаматтарға көмегін аямаған.

Біз территориямызға штаб пен техниканы орналастырып, оларды жанармаймен қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, өз тарапымыздан әкімшілікке жүк тиегіштерді, бульдозерлер мен өрт сөндіру көлігін бердік. Қызметкерлердің басым көбі маңайдағы ауылдардың тұрғындары болғандықтан, бей-жай қарай алмай, өртті сөндіруге өз еркімен атсалысты. Өрт басталған күні жұмысшылардың тең жартысы жұмыстан босатылып, аймақтың амандығы үшін күресті. Бастысы, біз әкімдікпен тығыз байланыста болдық. Олармен тез ақпара алмасу нәтижесінде тиімді шешімдер қабылданды. Бұл жер ата-бабаларымыздан қалған аманат! Бұл жерді бүлдірмей, ұрпағымызға мирас қылып қалдыру - басты міндетіміз.

“Жұмысымызды ауыртлатқан - жел”

Егіндібұлақ ауылының № 27 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мереке Кенжебеков құтқарушылардвң қандай кедергіге тап болғанын сөз етті.

Өрт шарпыған аумақтан кіші таулар көп, оның үстіне шұңқыларда баршылық. Жел де бағытын бірнеше рет өзгертті. Бұл өрт сөндірушілеріміздің жұмысын қиындата түсті. Десе де, сөндіре білдік. Біз жалын басталған күннен бастап 6 күн өрттің басында жүрдік. Өз мансабымда мұндай өрттерді біраз көрдім, дегенмен шкалаға салып баға берсем 10/8 теңер едім, – Кенжебеков.

Апат ауданның әртүрлі жастағы әрі кәсіптегі тұрғындарының басын біріктірді. Жалынды сөндіруге үлес қосқан еріктілердің де қатар көа.

Теректі ауылының тумасы Сырым Асылханов Шөптікөл ауылына шарпыған өртті ауыздықтау үшін 45 шақырым жол жүріп, су тасыған.

Облыс пен өзге өңірлерден өрт сөндіру көліктері келе бастады. Біз оларға су әкелуге көмектестік. Жалпы, көлігіме шамамен 10 тонна су сияды. Мен бір күнде 50 тонна суды тасымалдадым. Өз ауылымнан Шөптікөлге бес ре барып, келдім, – дейді ерікті.

“Халқыма көмектесу - парызым”

Шарпыған жалыннан қорықпай, өрт сөндіруге атсалысқан батыр әйел - Аудандық аурухананың медбикесі Жұмабике Өскентаева. Ол қауіпті аймақта 2 күн бойы тынбай еңбек еткен.

Шыны керек, қорқыныш болды. Өрт ауылымыздың іргесіне дейін таяп келді. Азаматтарымыздың көбі құтқарушымлармен бірге ерікті түрде өртті сөндіруге кірісті. Сол кезде мен де қалай қарап отырмай, көмектесуді парызым деп білдім. Қандай жағдай болса да көмектесемін деп бел будым, – деді Өскентаева.

Медбике өрт сөндірушілер мен еріктілерге қандай жағдай жасалғанын атап өтті.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өрт ошағына барған кезде кейбірі түтінге тұншықты, ал енді бірінің қысымы көтеріліп жатты. Сол кезде алгоритм бойынша алғашқы медициналық көмегімді жасадым. Өрттің басталған кезде елді мекендерді аралап, түнгі 3:00 дейін қызмет еттім. Ал, екінші күні сағат 21:00 қарай өрт ауыздықталып, жұмысымыз аяқталды. Сол кезде түтінге уланып, қысымы көтерілген екі азаматқа көмектесіп, үйлеріне жеткіздік. Жалпы, құтқарушылар мен еріктілерге өрттің қарама-қарсы жағына тұрмауға кеңес бердім. Сулы сүлгіні қолданып, бет-аузын жеңілдетіп отыру керегін айттым. Онымен қоса, жұмыс барысында маска тараттық, – деді маман.

Жұмабике Өскентаеваның сөзінше, ол медицина саласында жұмыс істегеніне 30 жыл уақыт болған.

Өзім Қарағанды медицина колледжін тәмандадым. Қарқаралы өңіріне 2010 жылдан бері жұмыс істеймін. Қазіргі таңда Айыр және Қызылшілік ауылдарында қызметтемін. Менің екі балам, екі немерем бар, – деді Өскентаева.

Өзгелердің жаңалығы