Қарин Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты

20 Сәуір 2022, 13:45
1120
Бөлісу:
Қарин Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты.

Еліміздің тарих ғылымы ауыр қайғыға ұшырады.  Көрнекті тарихшы, археолог Виктор Федорович Зайберт өмірден озды. Ол Қазақстанның шынайы патриоты еді. Профессор еліміздің археологиялық жаңалықтар ашумен қатар оны зерттеуге орасан зор үлес қосты. Әрине, оның ғылыми қызметінің басты жетістігі – жылқыны қолға үйрете бастаумен байланысты ботай мәдениетінің ашылуы, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Сондай-ақ Қарин Виктор Федоровичтің педагогикалық қызметке де көп көңіл бөлгенін, оның көптеген шәкірттері ғылыми-зерттеу саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Мен  Виктор Зайбертпен кездесулерімді, осынау жомарт талант пен орасан шығармашылық күш-қуат иесімен сөйлескенімді үлкен жылылықпен еске аламын. Біз ол туралы жақсы да жарқын сәттерді есте сақтаймыз.  Виктор Федоровичтің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, -деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.


 

Өзгелердің жаңалығы