Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысын өткізді

16 Мамыр 2023, 15:30
1021
Бөлісу:
Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға қатысты берілген өтініштер қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ел азаматтығын алуға және одан шығуға өтініш берген адамдардың тізімі ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы