«Қарға қарғаның көзін шұқымайды»: Қазақстанда сот жүйесі әлсіз

30 Желтоқсан 2022, 13:09
1284
Бөлісу:
«Қарға қарғаның көзін шұқымайды»: Қазақстанда сот жүйесі әлсіз

Бұл туралы «Желмая» жобасына берген сұхбатында адвокат Абзал Бекбосынов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Мен адвокат ретінде айтайын, Әділетті Қазақстанда өзгеріс әлі жоқ. Президентіміз өзінің бір жолдауында прокуратура мен адвокаттардың тепе-теңдігін, яғни құқықтарын бірдей қылу керегін айтқан болатын. Алайда өкінішке қарай, сот жүйесі болсын, прокуратура жүйесі болсын, қылмысты қудалау органы болсын адвокаттардың құқығын жерге таптайды. Адвокатураны күшейтпей, Әділетті Қазақстанды құруымыз қиын, - деді ол.

Бекбосынов адвокаттардың оларға сенім артып, көмек сұрап келген азаматтарға заң аясында көмек бере алуы үшін олардың мәртебесін жоғарылату керегін айтты. Оған қоса, елдегі сот мәселесін де қозғай кетті. 

Тергеу органы полиция мен прокуратура бір, өйткені олар қудалау органы. Ал сот олардың айтқанынан шықпайды. Қазақстанда сот жүйесі өте әлсіз. Бірінші соттың шешімін не үкімін екінші қалалық, облыстық инстанция бұзбайды. Өйткені қарға қарғаның көзін шұқымайды, - деді ол.

Адвокат Жоғарғы Сотқа жүгіну арқылы ғана әділетсіз үкімді бұзуға болатынын, «оның өзі де елу де елу» екенін айтты.      

Өзгелердің жаңалығы