Қаражат аз. Үкімет басшысы орындалмай қалуы мүмкін жоспарды айтты

23 Тамыз 2022, 11:30
1402
Бөлісу:
Қаражат аз. Үкімет басшысы орындалмай қалуы мүмкін жоспарды айтты

Биыл   кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан,  жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін.Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  бес жыл ішінде екі млрд түп ағаш отырғызу туралы ауқымды жоба іске асырылып жатыр. 2021-ші жылы 66 мың гектар алаңға (саны 138 млн. ағаш) ағаш отырғызылды. Биыл  кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан,   жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін, - деді Үкімет басшысы.

Смайылов экологиялық ахуалды жақсарту шараларына бағытталуы тиіс  деген норма қолданылып келетінін айтты.

Ол үшін  Экология министрлігі   әкімдіктермен бірге   әрбір өңір бойынша  экологиялық жағдайды жақсарту үшін  іс-шаралар жоспарын әзірлеуі керек.  Бұған қоса   осы жылы   Индустрия министрлігі   тұрғындарының саны  он мыңға дейінгі елді-мекендер үшін  тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының  жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастады, - деді премьер-министр.

Бұған дейін Экология министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында биыл 161 млрд теңге бөлінгенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы