Биыл кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан, жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін.Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жыл ішінде екі млрд түп ағаш отырғызу туралы ауқымды жоба іске асырылып жатыр. 2021-ші жылы 66 мың гектар алаңға (саны 138 млн. ағаш) ағаш отырғызылды. Биыл кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан, жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін, - деді Үкімет басшысы.
Смайылов экологиялық ахуалды жақсарту шараларына бағытталуы тиіс деген норма қолданылып келетінін айтты.
Ол үшін Экология министрлігі әкімдіктермен бірге әрбір өңір бойынша экологиялық жағдайды жақсарту үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуі керек. Бұған қоса осы жылы Индустрия министрлігі тұрғындарының саны он мыңға дейінгі елді-мекендер үшін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастады, - деді премьер-министр.
Бұған дейін Экология министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында биыл 161 млрд теңге бөлінгенін айтқан еді.