Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қараталда «Мерейлі отбасы-2025» байқауының марапаттау рәсімі өтті

3 Тамыз 2025, 17:48
801
Бөлісу:
 Қаратал ауданы әкімдігі
Фото: Қаратал ауданы әкімдігі

Қаратал ауданында «Мерейлі отбасы-2025» байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған байқау отбасылық құндылықтарды дәріптеуді, отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттауды, қазақстандық отбасының мәртебесін арттыруды және өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеуді мақсат етеді. Биылғы жылы аудандық кезеңге 38 отбасыдан өтінім түсіп, комиссия шешімімен жеңімпаздар анықталды.

Шараға қатысушыларды Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Оңғаров Айбек Нұрғазыұлы құттықтап, жеңімпаздарға марапаттарды табыстады. Байқау нәтижесінде:

Бас жүлдені - Биболовтар отбасы (теміржолшылар отбасы) иеленді.

І орынды - Абылхановтар отбасы (өнер мен мәдениет саласында еңбек ететін отбасы) жеңіп алды.

ІІ орынды - Өмірәлиевтер отбасы (білім және тәрбие саласында еңбек ететін отбасы) иеленді.

III орынды - Телгараевтер отбасы (мәдениет саласында еңбек ететін өнерлі отбасы) жеңіп алды.

Сондай-ақ, белсенді қатысқаны үшін Нүсіпқожановтар отбасы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз екі отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Іс-шара соңында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Мерейлі отбасы-2025» байқауы отбасы құндылықтарын дәріптеуді жалғастырып, үлгілі отбасыларды кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосты.

Өзгелердің жаңалығы