Қаратал өзенінен білім бөлімі экс-басшысының денесі табылды

12 Маусым 2023, 16:37
1352
Бөлісу:
Қаратал өзенінен білім бөлімі экс-басшысының денесі табылды
Фото: Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Талдықорғанда білім бөлімі экс-басшысының денесі Қаратал өзені маңынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен демалыста Қаратал өзені маңынан Талдықорған қаласы білім бөлімі экс-басшысы Роза Барманованың денесі табылды. 

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

Аталған дерек қалалық полицияда ресми түрде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамаға сәйкес өлімнің нақты себебі анықталатын болады. 

Еске салсақ, Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2016-2022 жылдар аралығында басқарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы