Қарасу өзені Дүниежүзілік тазалық күні аясында тазартылады

14 Қыркүйек 2022, 19:38
1868
Бөлісу:
Қарасу өзені Дүниежүзілік тазалық күні аясында тазартылады

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі және Эстония Елшілігі, Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында ЕО климаттық дипломатиясы мен #EUBeachCleanup экологиялық науқаны аясында, сіздерді Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарасу өзенін тазалау іс-шарасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл Қазақстанда Дүниежүзілік тазалық күні науқанын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Экологтар қауымдастығы», «Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы», «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалысы және «Жасыл қалқан» ұйымы ұйымдастырады.

#EUBeachCleanup — бұл бүкіл әлемдегі жағалаудағы аймақтар мен жағажайларды қоқыс пен қалдықтардан тазартуға шақыратын халықаралық науқан. Эко бастама тұрақты дамудың бірнеше мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді, атап айтқанда: тұтыну мен өндірудің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету (ТДМ 12), тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану (ТДМ 14), сондай-ақ жер үсті экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және орнықты пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуын тоқтату және кері қайтару және биоәртүрлілікті жоғалтуды тоқтату (ТДМ 15). Қазан айында болатын биоәртүрлілік жөніндегі БҰҰ конференциясына байланысты биыл #EUBeachCleanup жаһандық науқаны теңіз биоәртүрлілігі тақырыбына арналады. ЕО елдерінің өкілдіктері елорда тұрғындары мен қонақтарын шараға қатысуға шақырады.

"Дүниежүзілік тазалық күні" — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Олар жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелерді қалдықтардан жинайды. Бұл Әлемді өзгертетін идея 2008 жылы кішкентай Эстония елінде пайда болды. Бес сағат ішінде республиканың бүкіл аумағын тазарту үшін 50 000 адам жиналды. 2019 жылы табиғатты қорғауға ниет білдірген 21,2 миллион белсенділер Жаңа Зеландияда басталып, бүкіл әлем бойынша өтіп, Гавайиде аяқталған 36 сағаттық "жасыл толқынға" қосылды.

Күні мен уақыты: 17 қыркүйек, 10.00 – көлікке мінетін уақыт, 10:30 – сенбіліктің басталу уақыты

Кездесу орны: Нұр-Cұлтан қ., Азия Парк сауда орталығының тұрағы. 

Тазалау орны: Қарасу өзені (карта қосымшада).

Өзгелердің жаңалығы