«Қарасора»: Қарағандыда алты қап марихуана тәркіленді

3 Шілде 2023, 11:41
597
Бөлісу:
«Қарасора»: Қарағандыда алты қап марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында полицейлер ауыл тұрғындарынан 7300-ге жуық қарасора бұталары мен алты қап кептірілген марихуананы тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

«Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шет ауданы кенттерінің бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар «қарасора» өсімдігін өсірумен айналысатынын анықтады. Жеке үйдің жеке учаскесінде жедел-тергеу тобының орнына келген полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар «қарасора» тұқымдасына ұқсас өсімдіктердің плантациясын тапты. Полиция қызметкерлері 7 мыңнан астам өсімдік бұталарын тәркіледі, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Сондай-ақ сол жеке үйдің аумағында орналасқан қосалқы үй-жайлардан олар алты қап пен кептірілген марихуанаға ұқсас жасыл түсті заттың екі бөтелкесін анықтаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы