Қарасора-2022. Оңтүстік өңірден 60-қа жуық плантация анықталды

20 Маусым 2022, 13:16
2526
Бөлісу:
Қарасора-2022. Оңтүстік өңірден 60-қа жуық плантация анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бүгінде ел аумағында «Қарасора-2022» операциясы өткізіліп жатыр.  

 Өздеріңіз білетіндей қазіргі уақытта маусым айынан кең ауқымды «Қарасора-2022» операциясы жүруде. Алғашқы нәтижелелеріміз де бар.  Жыл сайын оның барысында біз гашиш пен марихуананы дайындау, сақтау және өткізудің мыңнан аса дерегін анықтаймыз, - деп атап өтті Бақытжан Әмірханов. 

Сонымен қатар ол қарасорының қай аймақтарда көп анықталғанына тоқталды. 

Оңтүстік аймақтарда, шалғай аудандарда, үнді қарасорасы үлкен плантациялары өсіріледі деп отыр.

Кейде олардың сабағы 4 метрге дейін жетеді. Қылмыскерлер егістікті жинау үшін жасырын қоймалар жасақтай, өсімдіктерді тамшылатып суару жүйесін құрып жатады. Мұндай алқаптарға назар аудартпау үшін жұмысшылар мамыр айынан қазанға дейін егіс басында тұрып жұмыс істейді, оларға мезгіл-мезгіл азық-түлік пен барлық қажетті заттар жеткізіліп отырады. Осындай фактілерді анықтау үшін біз маусым мен қазан аралығында ІІМ арнаулы жасағының және Ұлттық ұланның жауынгерлерімен бірлесіп Қызылорда облысы мен оған іргелес өңірлерде тікұшақпен барлау жасаймыз. Жыл сайын осындай 60-қа жуық плантация анықталып, жойылады. Бұл шамамен марихуана егілген 20 гектар жер. Операция нәтижесінде 20 тоннадан астам есірткі тәркіленеді, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы