Қарасора-2022. 4 айда 9,2 тонна есірткі тәркіленді

10 Қазан 2022, 12:04
1139
Бөлісу:
Қарасора-2022. 4 айда 9,2 тонна есірткі тәркіленді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде құрамында есірткі бар өсімдіктер өсетін маусымда өтетін «Қарасора-2022» республикалық есірткіге қарсы арнайы операция аяқталуға жақын. Операция жүргізілген 4 ай ішінде полицейлер 1075 есірткі қылмысын, соның ішінде 547 – есірткі өткізу, 137 сақтау мен 244 құрамында есірткі бар өсімдіктерді жасанды жағдайда өсіру дерегін анықтады, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ жойылып, 7 адам ұсталған. Олар Telegram мессенджерінде дүкен ашып, синтетикалық есірткі өткізумен айналысқан. 

Операция өткізілген уақытта 9,2 тонна есірткі алынды. Оның ішінде 2 тонна марихуана, 169 кг гашиш, 37 кг синтетикалық есірткі, 720 грамм героин мен 58 мыңнан астам түп құрамында есірткі бар жасанды өсірілген өсімдік анықталды. 85 тоннадан астам жабайы өскен қарасора жойылды. Биыл арнайы операцияға алғаш рет Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ әуе шолуы қолданылды. Олардың көмегімен аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 6 дерегі айқындалып, 600 келіден астам марихуана алынып, 10 қылмыскер ұсталынды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.  

Өзгелердің жаңалығы