Қарашөкеев импортқа тәуелділіктің алдын алу жолдарын айтты

22 Маусым 2023, 12:43
1349
Бөлісу:
Қарашөкеев импортқа тәуелділіктің алдын алу жолдарын айтты
Фото: BAQ.KZ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев аграрлық саладағы инвестиция көлемі 3,2 трлн теңгеге жететін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, алдағы жылдары аграрлық салада еңбек өнімділігін үш есеге арттыру көзделген. Сондай-ақ ведомство басшысы АӨК экспортының жалпы көлемін 70 пайызға жеткізуді мақсат тұтып отырғанын айтады.

Бүкіл азық-түлік түрінен кем дегенде 90 пайызға оның ішінде қантты қоспағанда, ішкі нарықты 5 импортқа тәуелді тауар бойынша 100 пайыз қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге ауыл шаруашылығында инвестиция көлемін 4 есе арттырып, 3,2 трлн теңгеге дейін жеткізілмек. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикада инвестицияны көптеп тартуымыз керек, – деді Ербол Қарашөкеев Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының ұйымдастыруымен Сыртқы министрлігінде өткен семинарда.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі еліміз ішкі нарыққа шетелдік инвестиция көзін тартуға дайын екенін, алайда олардың көбін терең өңдеу өнеркәсібіне жұмылдыру керегін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы