Қарашада Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтеді

8 Қараша 2022, 15:24
730
Бөлісу:
Қарашада Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтеді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, 21 мен 25 қараша аралығында елордада Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтеді деп жоспарланып отыр. 

Бүгінгі таңда мәдени қарым-қатынастың сәтті тәжірибелерінің бірі шетелде «Мәдениет күндерін» өткізу екені бәрімізге мәлім. Бұл ретте ағымдағы жылғы 21-25 қарашасында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында шығармашылық ұжымдар мен жекелеген солистердің қатысуымен гала-концерт өткізу көзделіп отыр, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Одан бөлек, 28-30 қарашада Беларуссияда Қазақстанның мәдениет күндері өтетіні белгілі болды.

Осы мәдениет күндері аясында қазақстандық өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Гала-концерт өткізу, қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастыру, «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Ұлы Даланың таңы», «Балуан Шолақ», «1941 жылдың жазы», «Патриоттар уақыты» сынды қазақстандық киноны көрсету, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің классикалық концерті, сондай-ақ шеберлік сағаттарын өткізу жоспарда бар, - деді Роза Кәрібжанова. 

Өзгелердің жаңалығы