Қараша айында 4 000-нан астам алтын құйма сатылды

28 Желтоқсан 2023, 18:10
479
Бөлісу:
Қараша айында 4 000-нан астам алтын құйма сатылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

2023 жылдың қараша айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 177,0 келі 4 171 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,2 тонна 147 916 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 37 856 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 33 646 дана (23%), 100 грамдық құйма – 32 442 дана (21%), 20 грамдық құйма - 26 333 дана (18%), және 50 граммдық құйма – 17 639 дана (12%).

2023 жылдың қараша айында алтын құймалардың көп бөлігі мына өңірлерде өткізілді: Шымкент (1 565 дана, 38%), Алматы (1 436 дана, 34%) және Астана (323 дана, 8%).

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама іске қосылғалы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген айырбас пунктері жалпы салмағы 714,2 келі 27 357 алтын құйманы кері сатып алды. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 18%-ы. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа қайта тапсырусыз сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаптың өзі сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алып, кері өткізуге болады.

Өзгелердің жаңалығы