Қарақат Әбден штабы өз жұмысын бастады

21 Қазан 2022, 18:34
2046
Бөлісу:
Қарақат Әбден штабы өз жұмысын бастады
Фото: автордан

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Штабына барып, дайындық барысын көріп қайттық,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына бекітілген болатын. Бүгін кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, үгіт насихат жүргізуді бастады.

Бүгінгі күні штабтың сайлауалды бірінші отырысы өтті. Тиісті тапсырмалар берілді. Қазақстанның 20 өңірінде 20 штаб қарқынды жұмыс істеуде. Бағдарламамыз, материалдық базамыз толықтай дайын, – деді сайлауалды штаб басшысының  орынбасары Берік Туребеков.

Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмысы еліміздің барлық өңірінде онлайн және офлайн форматта өтеді.

«Сондай-ақ кандидатты қолдауға арналған ресми сайт іске қосылды. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылды. Ол жерде штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер және үгіт-насихат материалдары орналастырылады», - дейді.

Еске салсақ, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Әбденнің кандидатурасын ұсынған еді. 19 қазан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркелді.  

Сайлау алдындағы үгіт 18:01 де басталып, 18 қараша күні сағат 24:00 ке дейін жалғасады. 19 қараша-тыныштық күні. Ал 20 қараша барша Қазақстандық ел Президентін анықтайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы