Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізді.
Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық гвардиясының Telegram-арнасында хабарланды.
2 шілдеде кешке мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов осылай деа мәлімдеді.
ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі. Бұл «азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында» жасалды. ТЖ кезінде республикада 21.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат болады.
Комендатураның басшысы болып Өзбекстан Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды.
Қарақалпақстанға кіруге және одан шығуға шектеу қойылды, бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды.