Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 27 наурызынан бастап, мемлекеттік органдардың, өңірлердің және даму институттарының қатысуымен «Қарапайым заттар экономикасы салаларын дамыту» жөніндегі жобалық кеңсе жұмысын бастады.
Бүгінгі Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек бағдарлама аясында іске асырылған шараларды баяндады.
«2018 жылы желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен басым жобаларды жеңілдететін несиелендіру бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның іске асыру барысын бақылау және бизнесті барынша тарту мақсатында «Атамекен» ҰКП-ның негізінде осы жылдың 27 наурызынан бастап, мемлекеттік органдардың, өңірлердің және даму институттарының қатысуымен «Қарапайым заттар экономикасы салаларын дамыту» жөніндегі жобалық кеңсе жұмысын бастады. Жобалық кеңсе алаңында апта сайын өтетін отырыстар барысында 300-ге жуық кеңес өткізді. Барлық өңірден мыңнан астам әлеуеттік кәсіпкер тыңдалды. Жүйелік проблемалар анықталып, бағдарламаны жетілдіру жөнінде кешенді ұсыныстар әзірленді. Олардың бір бөлігі Үкімет қаулысымен қабылданды. Осылайша 4 мамырда Үкімет қаулысымен бағдарламаға енгізілді. 17 мамырдан бастап қолданыста. Бұл кепілдік құралдарын енгізу, айналым қаражатының толықтырудан қаржыландыру мөлшерін 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайтуды және құс еті мен мақта талшығы сияқты бірқатар тауарды қосу қарастырылды», - деді Қасымбек.
Айтуынша, бұл өзгерістердің нәтижесінде 270 млрд теңге сомасында 150 кәсіпорынға қолдау көрсетіп, 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, бюджетке түсетін салық көлемін 38 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп жоспарланған.
«Аталған өзгерістер 270 млрд теңге сомасында 150 кәсіпорынға қолдау көрсетіп, 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, бюджетке түсетін салық көлемін 38 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жобалық кеңсе барлығы 720 млрд теңге сомасында 880-нен астам әлеуеттік жобаны қарап жатыр. Оның ішінде, екінші деңгейлі банктер құны 25 млрд теңге болатын 41 жобаны мақұлдады. Оған қоса 111 млрд теңгелік 120 жоба қарастырылуда. Өңірлер бойынша ең белсенді бизнес Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында байқалады. Мәлімдеген жобалардың ең аз сомасы Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында. Салалық бойынша тамақ және жеңіл өнеркәсіп, агро өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары бойынша бизнестің қызығушылығы жоғары. Тамақ-жеңіл өнеркәсібі өнімдері мен қызмет көрсету мақұлданған жобалар ішінде басымдық танытып отыр. Олардың ішінде ет өнімдері, картоп, макарон, ойын-сауық орталықтары, қонақүйлер, арнайы киімдер, сұлы қауызы, аккумуляторлар т.б. бар», - деді премьер-министрдің орынбасары.
Кейін Жеңіс Қасымбек Жобалық кеңсе базасында бағдарламаға түзетулер енгізудің екінші жиынтығы әзірленіп жатқанын атап өтті.
«Бұдан басқа қазір Жобалық кеңсе базасында бағдарламаға түзетулер енгізудің екінші жиынтығы әзірленуде. Онда, біріншіден, мемлекет субсидиялайтын бөлігін белгілей отырып, соңғы қарыз алу үшін пайыздық мөлшерлемесін төмендету ұсынылады. Бұл ретте 2019-2020 жылдарға арналған тетік шеңберінде субсидиялау салынға бюджет қаражаты мемлекет тарапынан 9%-ға дейін субсидиялауға мүмкіндік береді. Бұл өзгеріс кәсіпкерлер үшін несие құнын арзандатуға мүмкіндік береді және бағдарламалар арасында арбитражды алып тастайды. Екінші, заем мерзімінің үштен бір бөлігінен аспайтын мөлшерде несие бойынша жеңілдетілетін кезеңді енгізу. Жаңа өндіріске несие алған кәсіпкерлерге өндірісті толығымен іске қосуға қажетті уақыт береді. Үшіншіден, бағдарлама шеңберінде несиелендіру үшін жаңа тауарларды қосу, оған қоса несиелендіру бағдарламасына «Аграрлық несие корпорациясы» мен «Қазақстан даму банкі» қатысуы, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру мақсатында агро-өнеркәсіп өндірісі салаларындағы кәсіпкерлер үшін пайыздық мөлшерлемесін төмендету ұсынысы қосымша талқылануда», - деді ол.
Алдағы 3 жыл бойы отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында 500 млрд теңге бөлінбек.
«Отандық кәсіпорындар қаржылық және қаржылық емес қолдауды күшейту мақсатында алдағы 3 жылда 500 млрд теңге, оның ішінде «Бәйтерек» холдингінің құралдары арқылы 470 млрд теңге бөлінетін болады. Соның ішінде 8 млрд теңге экспортқа дейін және экспорттық қаржыландыруды «Қазақстан даму банкі» арқылы ынталандыруға жұмсалады. 95 млрд теңге «Даму» банкі желісі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында экспорттаушыларды қаржыландыру жалғасады. 125 млрд теңге өңдеу өнеркәсібін қолдауға бөлінген «Ұлттық қор» қаражатын қайта үлестіру үшін қарастырылған. «Қазақстан даму банкі» және «Даму» желісі бойынша экспортты қаржыландыру көлемі 3 жыл ішінде 300 млрд теңгені құрайды. «Қазақстан экспорт» желісі бойынша Қазақстан экспортын капиталдандыруға қарастырылған 68 млрд теңгенің 34 млрд теңгесі 2019 жылдың 29 наурызында алынған. 2020 жылы қосымша 34 млрд теңге түседі. 102 млрд теңге «Қазақ экспорт» міндеттемелері бойынша мемлекеттік кепілдендірілген лимитті бөлуге көзделген. «Қазақ экспорттың» өңдеу өнеркәсібі саласында 103 млрд теңге сомасында 33 жоба қарастылып жатыр. Қалған 30 млрд теңге бойынша 2019 жылы 15 млрд теңгесі экспорттаушылардың көліктік шығындарын өтеу және экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетуге бағытталған», - деді Қасымбек.
Енді экспорттаушылардың көлік шығынын өтеу жолға қойылмақ.
«2019 жылдың 24 мамырында Ұлттық инвесторлар кеңесінде бизнес өкілдері тарапынан айтылған ұсыныстарды ескере отырып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі экспорттаушылардың көлік шығындарын өтеуге өзгерістер енгізіп отыр. Атап айтсақ, межелі нүктеге дейін жеткізу шығындарын өтеу, сондай-ақ субъектілер бойынша бөлінуін алып тастау қажет. Бұл экспортты тиімді дамытуға және географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс жобалық офис алаңында басталып, тиісті ақпарат өңірлер мен бизнеске жеткізілді», - деді премьер-министрдің орынбасары.