Қарапайым адамдардың мобильді аударымдары қашан бақыланады?

20 Желтоқсан 2023, 14:10
1124
Бөлісу:
Қарапайым адамдардың мобильді аударымдары қашан бақыланады?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өткізген брифингте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда ақпарат тек 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды, - деді МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.

Яғни 2024 жылы Мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша ақпарат беріледі. Бірақ ондай ақпарат комитетке берілуі үшін ол адам қатарынан 3 ай жеке банктік шотқа 100 түрлі тұлғадан аударымдар алуы керек.

2025 жылдан бастап банктерден МКК-ға жоғарыда аталған ақпарат халықтың қалған бөлігі бойынша беріліп, 2026 жылдан бастап тексеріле бастайды.

Өзгелердің жаңалығы