Қарағандының орталық саябағын су басты

17 Сәуір 2023, 16:41
755
Бөлісу:
Қарағандының орталық саябағын су басты
Фото: picryl.com

17 сәуір күні Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс паркінің аумағында су құбырында ірі апат болып, салдарынан саябақтың біршама бөлігін су басты, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

«Қарағанды СУ» компаниясының мәліметінше, орталық саябақ аумағында диаметрі 800 мм болатын су құбырында апат орын алған. Апат салдарынан парктің біршама бөлігіне су жайылған. Қаланың көптеген көшесі сусыз отыр.

Апаттың салдарын жою, шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын Михайловский сумен қамтамасыз ету цехының бригадасы жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз, - деп хабарлады компания.

Су құбырындағы апат салдарынан қаланың біршама көшесі сусыз қалды.

«Қарағанды СУ» компаниясының хабарлауынша, қалпына келтіру жұмыстары кезінде С.Сейфуллин, Ипподромная, Чкалов, Охотская, Бұқар Жырау, Ә.Ермеков, Комиссаров, Ботаническая, Казахстанская, Московская, Анжерская, Кирзавод, Ақтас және тағы да басқа көшелерде ауыз су болмайды.
 

Өзгелердің жаңалығы