Қарағандының көпбейінді ауруханасында екі бірдей бөлім ашылды

6 Ақпан 2024, 04:26
415
Бөлісу:
Қарағандының көпбейінді ауруханасында екі бірдей бөлім ашылды
Фото: архив

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні қарсаңында Қарағандының көпбейінді ауруханасында екі бірдей бөлім ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқысы – химиятерапия орталығы. Ол 106 орынға есептелген. Мұнда зертхана, дәріхана ультра дыбыстық зерттеу, электрокардиография мен рентген кабинеті бар. Химиотерапиялық орталықтың ашылуы ем-домға мұқтаж пациенттерді көптеп қабылдауға мүмкіндік береді.

Ал екінші ашылған радиациялық онкология орталығы – кез келген қатерлі ісікті емдеуге арналған «томотерапия» аппаратымен жабдықталған. Заманауи құрылғы сәуленің сау ағзаға тигізер әсерін барынша төмендетеді.

Еске салсақ, Қарағанды облысында қазір 22 мың пациент ресми онкологиялық тіркеуде. Көш басында өкпе және сүт безі обыры тұр.

Емдеу жұмыстары тиісті рұқсат құжаттар алынған соң басталады. Бастысы аппарат орнатылды. Мұндай құрылғы Алматы мен Астанада ғана бар. Енді бізде қол жеткіздік. Мамандар шетелден оқып, білімін жетілдіріп келді. Бастапқы тәжірибесі бар. Бұл құрылғыда қаралу қарапайым адамдар үшін тегін. Кепілдендірілген медициналық сақтандыру аясында жасалады, - дейді . №3 көпсалалы аурухана директоры Гамаль Тоқсамбаев.

Өзгелердің жаңалығы