Қарағандылықтар заңгердің кеңесін тегін ала алады

27 Мамыр 2024, 09:30
196
Бөлісу:
Қарағандылықтар заңгердің кеңесін тегін ала алады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

30 мамырда Қарағанды тұрғындары тегін заңгерлік консультация ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

30 мамырда Қарағанды облысының мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтеді. 

Барлық тілек білдірушілерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, Қарағанды облысының Әділет департаментінің және Қарағанды облысының адвокаттар алқасының өкілдері тегін кеңес береді.

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Мамандар толық және сапалы кеңес бере алуы үшін өзіңізбен іс құжаттарыңызды ала келіңіз. Акцияның басталуы сағат 17:00-де. Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығы: Қарағанды қ., Тәттімбет к-сі, 709, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы