Қарағандылықтар тәуліктеп ауыз сусыз отыруға, сары су ішуге мәжбүр

6 Шілде 2023, 15:33
1109
Бөлісу:
Қарағандылықтар тәуліктеп ауыз сусыз отыруға, сары су ішуге мәжбүр
Фото: автордан

Қарағандыда ауыз су мәселесі бірнеше жыл бойы күн тәртібінен түспей келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаланың су жүйесінде апат жиі болады, соның салдарынан қала тұрғындары сағаттап емес, тәуліктеп ауыз сусыз отыруға мәжбүр. Ауыз судың сапасы да көңіл көншітпейді.

Өндірісті өлкенің орталығында соңғы 10 жылда 773 шақырым су жүйесі жөнделген. Биылғы жылы 36 шақырым құбыр жаңартылмақ. Алайда, қаланың су жүйесі әбден ескіргендіктен, тұрғындарды толықтай сапалы ауыз сумен қамту мүмкін болмай отыр.

Атқарылып жатқан шараларға қарамастан қаланың су жүйесін толық қалпына келтірілмегендігін айтады қаланы сумен қамтамасыз ететін “Қарағанды Су” компаниясы.

Қарағандылықтар болса ауыз судың сапана наразылық білдіріп жатыр. Олар суық судың ішуге жарамсыз екендігін айтады

Біз Күнгей шағын ауданының тұрғындары ауыз суды дүкеннен сатып ішеміз. Себебі су ішуге келмейді. Мысалы, біз 4 шілдеде күні бойы сусыз отырдық. “Қарағанды Су” жөндеу жұмыстарына байланысты ауыз су 20.00-ге дейін болмайтындығын айтқан. Алайда су тек түн ауа, 00.00-ден кейін бірақ берілді. Оның өзінде су сап-сары, ішпек түгілі ыдыс та жуа алмайсың, - дейді қала тұрғыны Асылзат Бектемірова. 

“Қарағанды Су” компаниясы болса су құбырларының ескіргендігін, желілерге жаңарту жұмыстары жасалып жатқандығын айтады.

4 шілдеде Күнгей шағын ауданында ауыз су тоқтатылды. Тұрбаларда біраз уақыт су болмағандықтан онда тотығу процесі жүреді. Су қайтадан берілген кезде құбырдағы тотығу процесін шайып, осылай болады. Бас технологқа және апат қызметіне мекен-жайды жібердім. Олар тексеріс жүргізіп, даладағы су құбырын шаю жұмыстарын жүргізетін болады, - дейді “Қарағанды Су” компаниясының ресми өкілі Марина Богдан.

Жыл басынан бері қаланың су жүйесінде бірнеше рет апат болып, тұрғындар соның зардабын тартып келеді. Ірі апаттың бірі мамыр айында болып, Қарағанды іргесіндегі бірнеше елдімекен бір тәулік сусыз отырды. 3000 ға тарты үй ауыз сусыз отырған апаттан кейін “Қарағанды Су” компаниясы магистралді су құбырын толық ауыстыратындығын хабарлады. Бір айта кетерлігі апат орын алған №6 су құбыры 2009 жылы пайдаланылуға берілген, қолданыста бар-жоғы 14 жыл.

Кеше де шаһардың орталығында апат орын алып, бірнеше тұрғын үйге су берілмеді.

5 шілдеде 14 сағат 53 минутта Ә. Ермеков көшесінде диаметрі 300 мм су құбырында апат орын алды. Н.Әбдіров 17-25, Ә. Ермеков 1-50, Бұқар Жырау 76, Комиссаров 1-13, Можайского 11, 13 тұрғын үйлері судан ажыратылды. Апатты-қалпына келтіру жұмыстарын Орталық сумен қамту цехының бригадасы жүргізді. Келтірілген ыңғайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз, - дейді “Қарағанды Су” ЖШС баспасөз қызметі.

Компания жылдар бойы ауыз су тарифті көтермегендігін, соның салдарынан су жүйелері әбден ескіріп кеткендігін айтады.

Қарағандының су жүйесі өткен ғасырдың 60-80 жылдары салынды. Өзіңіз ойлаңызшы одан бері қаншама жыл өтті. Салыстырмалы түрде айтайық, цемент тұрбаланың қызмет көрсету уақыты 40-45 жыл. Сондықтан да жағдай қиын. Тоқсаныншы жылдары тарифті көтеру керектігін көп айттым. Уақытта өткізбеу керектігін бірнеше рет ұсындық, - дейді “Қарағанды Су” компаниясының сумен қаматамасыз ету қызметінің басшысы Николай Сеньковский.

Компания Табиғи монополияны реттеу департаментіне тарифті Биылғы жылы 5 пайызға, келесі жылы 10%-ға көтеруге өтініш білдірген. Ал кәріз жүйесінің тарифін биыл бірден 53 пайызға, одан кейін 75%-ға көтеру керек дейді мамандар. Себебі қала бойынша кәріз жүйесі тозығы жетіп әбден ескірген, толық модернизациялау қажет.

Өзгелердің жаңалығы