Қарағандылықтар Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты

13 Наурыз 2024, 09:31
266
Бөлісу:
Қарағандылықтар Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды делегациясы Сочиде, "Сириус" федералды аумағында өткен Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Биыл фестивальге әлемнің 191 елінен – ғылым, бизнес, медиа, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, еріктілік, қайырымдылық, спорт өкілдерінен 20 мыңнан астам адам жиналды.

Қазақстаннан 300-ге жуық делегат, оның ішінде сегіз қарағандылық қатысты.

Қарағандылықтар Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты

Дүниежүзілік жастар фестивалінің бағдарламасы бірлік, теңдік, әділдік, өзара көмек, топтық жұмыс және мейірімділік сияқты құндылықтарға негізделген. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналды – мысалы,"Көпұлтты бірлік", "Әркімге арналған мүмкіндіктер әлемі" және т. б., – дейді Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ докторанты Перизат Жаңбырбаева. 

Делегаттар түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, дәрістер тыңдады.

Мен студенттік кезімнен бастап белсенді қоғамдық қызмет атқарамын. Фестиваль өте ұнады, қызықты дәрістер, атақты адамдармен кездесулер болды, қоғамымыздың өткір тақырыптары көтерілді. Көптеген пайдалы таныстар мен жаңа әсерлерге ие болдық, – деп бөлісті Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жастар саясаты департаментінің әдіскері Ілияс Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы