Қарағандылық құтқарушы Грекияда гір көтеруден өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері Александр Комаров жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 10-15 қазан аралығында Грекияда Корфу аралында өтіп жатқан гір көтеруден әлем чемпионатында алтын медальді иеленді.
Сондай-ақ Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Дмитрий Балацко гір спорты бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанды лайықты түрде танытты.
30-дан астам елдің өкілдері чемпиондыққа таласқан беделді жарыста Дмитрий екі дисциплинада медаль жеңіп алып, өзінің жоғары дайындығы мен шеберлігін көрсетті.