Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыдан Үштөбе ауылына дейінгі автожолда жарық шамдары орнатылды

2 Ақпан 2023, 21:48
1641
Бөлісу:

Қарағанды облысында Үштөбе ауылы бағытындағы жолда қауіпсіздік арта түсті. Жол бойында жарықтандыру желісі орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол бойына жарыш орнату туралы осыған дейін тұрғындар өтінген болатын.

Қарағанды – Үштөбе автожолында осыған дейін жарық болмаған. Ауыл тұрғындары бұл мәселеге бірнеше рет назар аударуды сұраған. Мәселе шешілді.

"Облыстық маңызы бар Қарағанды – Үштөбе автожолында қауіпсіздікті арттыру мақсатында сыртқы жарықтандырудың жаңа желісі жабдықталды. Жол бойында жарықдиодты шамдары бар 320 тірек орнатылған. Бүгінде желі толық жұмыс істейді", – деп хабарлады Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы