Қарағандыдағы өрт. 6 саяжай учаскесі зардап шекті

5 Шілде 2022, 09:10
1240
Бөлісу:
Қарағандыдағы өрт.  6 саяжай учаскесі зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда орман алқаптарындағы өрт ауыздықталды.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қарағандыдағы Осевая көшесінің жанындағы орман алқаптарындағы өрт ошағы оқшауланды. Бүгін біздің өрт сөндірушілер кезекті рет жоғары кәсіби шеберліктерін танытып, қаламыздың Осевая көшесінің маңында орын алған өрт ошағын ауыздықтады, - деп жазды облыс әкімі.

Өртті сөндіруге тікұшақ пен 260 адам жұмылдырылған. 

Жағдай бақылауда. ТЖД хабарлауынша өрт өшірілді, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала есептеулер бойынша өрттің жалпы ауданы 200 га құрап, 6 саяжай учаскесі зардап шекті, – деп Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында жазды.

Өзгелердің жаңалығы