Қарағандыда жол жөндеу жұмыстарына ₸24 млрд бөлінді

23 Мамыр 2024, 22:55
325
Бөлісу:
Қарағандыда жол жөндеу жұмыстарына ₸24 млрд бөлінді
Фото: baq.kz

Қарағандыда шаһар ішіндегі жолдар қалпына келтіріліп жатыр. Биыл бұл бағытта 24 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаладағы ой-шұңқыры көп, ең нашар жолдың бірі – Печугин атындағы көше. Биыл мұнда абаттандыру, жол салу жұмыстары басталды. Ұзындығы 5 шақырым аумаққа асфальт төселмек. Бұған қоса жаяу жүргіншілер жолы мен жиектастар жаңартылып, жарық бағандары орнатылады.

Жалпы биыл қалада 128 шақырым жол жөнделеді.

Бізде 5 сатылы бақылау жүргізіледі. Осы жылдан бастап біз жаңа технологияларды қолданып жатырмыз. Асфальт-бетон жабындының жоғарғы жабындысына бутонал модификациялық қосымшаны қосып жатырмыз. Пайдасын көреміз деп ойлаймыз, - дейді қала әкімінің орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Жалпы қала ішіндегі жолдардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымға жуықтайды. Биыл негізінен орталық көшелер қалыпқа келтіріледі. Жөндеу жұмыстарына 24 миллиард теңге бөлінген.

Ал келер жылы шеткі көшелер мен жеке үйлер аумағындағы жолдар жаңартылады. Сол кезде қаладағы жолдардың 90%-і талапқа сай болады, – дейді жергілікті билік өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы