Қарағандыда жол салушы компанияға 1,3 млн теңге айыппұл салынды

1 Шілде 2024, 20:47
436
Бөлісу:
Қарағандыда жол салушы компанияға 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Фото: скриншот

Қарағандыда ауыл тұрғындарының шағымынан кейін Экология департаменті жол салушы компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұқар жырау ауданы Соқыр ауылының тұрғындары тарапынан жол салушы компанияның қоршаған ортаны ластап жатқандығы жайлы ұжымдық шағым түскен. Экологтар жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «СП «Сине Мидас Строй» компаниясы жол салу кезінде өндіріс аумағында гидротозаңды жою жұмыстарын жүргізбегенін анықталды. Осыдан кейін Бұқар жырау аудандық соты компанияны әкімшілік жауапкершіліке тартып, оған 1 млн 291 500 теңге көлемінде айыппұл салған.

Тексеру барысында экологтар «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС-і өндіріс аумағында гидротозаңды жою жұмыстарын жүргізбегені анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 332-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Бұқар жырау аудандық сотының қарауына жіберілді. Бұқар жырау аудандық соты 21 маусымда компанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту және оған 1 291 500 теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы Экология департаментінің ресми өкілі Диана Сапарқызы.

Еске салайық, бұған дейін экологтар Қарағандының Бұқпа өзенін ластағандарға 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы