Қарағандыда жайылым тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

6 Қазан 2023, 14:05
590
Бөлісу:
Қарағандыда жайылым тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында пилоттық жоба бойынша елді мекендер маңындағы тозған жайылымдар қалпына келтірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпжылдық шөптерді отырғызу мал жаюға арналған жер тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі және шөпті уақтылы жинауға септігін тигізеді.

Алдағы екі жылда оң нәтиже күтілуде. Шөптердің жерсініп, көтерілуі үшін уақыт қажет, содан кейін малды жаңартылған жайылымдарға жіберуге болады.

Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.

Бүкіл Қазақстан бойынша мал жаюға арналған жайылымдардың тапшылығы проблемасы бар. Оны шешу үшін тозған жерлерді қалпына келтіру жобасы іске қосылды. Қарағанды облысында алғаш рет жоба Бұқар жырау ауданында 2020 жылы іске асырылды. Онда 800 гектарға жуық жер қалпына келтірілді. Қарқаралы ауданында 1000 гектарға жуық жайылымдық жерлерді қалпына келтіретін жеткізушілер анықталды, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Бошпанов.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында, Ынтымақ, Абай және Нұрмақова ауылдарының маңында жұмыс жүргізілуде. "Медет Агро" өндірістік кооперативінің қызметкерлері Ынталы ауылының маңындағы 500 гектар жерді қалпына келтірумен айналысады. Мамандар қазірдің өзінде қалпына келтіруге кірісті.

Бүгінгі таңда жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін агрономдар ылғалдылық пен басқа параметрлерді анықтау үшін жер сынамаларын алады. Біз бұл алқаптарға еркекшөп себуді жоспарлап отырмыз. Ол біздің климаттық жағдайымызға жақсы бейімделеді, ерекше күтімді қажет етпейді, – деді "Медет Агро" ӨК өкілі Жарас Ақтаулов.

Жергілікті тұрғындар да жайылымдық жерлерді қалпына келтіруге қуанышты. Осы жазда құрғақ ауа-райына байланысты олар шөп дайындауда қиындықтарға тап болды. Шөпті қалпына келтіру мәселені ішінара шешуге көмектеседі, дейді олар.

Жайылымдарды қалпына келтіру екі есе тиімді. Бір жағынан жайылымға орын болады, екінші жағынан шөп дайындаумен айналысуға болады, – деп атап өтті Ынталы ауылының тұрғыны Құрманғазы Бейсембеков.

Жайылымдық жерлерді жақсарту жұмыстары басқа аудандарда да жалғасатын болады.

Қарағанды облысы бойынша жайылымдық жер көлемі 18,5 млн гектарды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы