Қарағандыда жас педагогтарға арналған зертхана құрылды

3 Қазан 2022, 20:10
778
Бөлісу:
Қарағандыда жас педагогтарға арналған зертхана құрылды

Қарағандыда JAŃASHYL USTAZ жас педагогтарына арналған зертхана ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының базасында құрылды. Жас мамандарға жаңа идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Зертхананың ашылуы жас педагогтар үшін жақсы іргетас және тамаша бастама болады. Жобаның мақсаты – кәсіби шеберлікті арттыру, тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды іске асыру, - деді облыстың білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова жаңа құрылымның ашылуында.

Сондай-ақ, облыстың жас педагогтары үшін телеграм-арнасы іске қосылды, бұл оларға білім беру саласындағы оқиғалар, жаңа әдістер мен трендтер туралы хабардар болуға көмектеседі. Онда сұрақтар қойып, оларға жауаптар ала алады.

Өзгелердің жаңалығы