Қарағандыда зейнеткерлердің зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырғандарға сот үкімі шықты

11 Қараша 2022, 13:37
697
Бөлісу:
Қарағандыда зейнеткерлердің зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырғандарға сот үкімі шықты

Қарағанды облысы Абай қаласындағы қарттар үйінің директоры Сыздықан Н.М. қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлағаны үшін 2 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Qamqor" жедел алдын-алу шарасы аясында  қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.

Айыппұлдан басқа, директорға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға тыйым салынады.

Сондай-ақ, КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманына Евстафьева М.Е. мен Лимарева Ю.А және Абай қаласының Қазпошта бөлімшесінің қызметкері Брушневскаяға Л.В. өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан сенімді алдау және теріс пайдалану жолымен өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үкім шығарылды.

Олар кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды және жазаны өтеудің мерзімінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, пробациялық бақылау белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы