Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

9 Сәуір 2024, 17:20
339
Бөлісу:
Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Қылмыстық схемаға Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекемелердің қызметкерлері және "көмекшілер" деп аталатындар кірген. Ақшалай сыйақылар үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсат заңсыз берілген. Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2 электрондық-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, "eQonaq" ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарлама беру үшін пайдаланылған.

Мұның бәрі электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған.

Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы