Қарағандыда уланған балалар: Бала өлімін тексеретін арнайы комиссия құрылды

4 Тамыз 2023, 17:45
790
Бөлісу:
Қарағандыда уланған балалар: Бала өлімін тексеретін арнайы комиссия құрылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Қарағандыда арнаулы орталықтағы бала өлімін тексеретін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған оқиғаның себептерін анықтау үшін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды, оған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, полиция департаменті бастығының орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а., медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы кірді, - делінген Қарағанды облысы әкімдігі таратқан хабарламада.

Орталықта директордың міндетін атқарушы тағайындалды.

Барлық балалар психиатр-дәрігерлердің, невропатологтардың қатысуымен тексеріледі.

Ведомстволық бағынысты мекемелердің қосымша медицина қызметкерлері тартылды.

Денсаулық сақтау басқармасымен, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатарынан дәрігерлердің тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті 30 күнге дейін созылатын тексеру жүргізіп жытыр.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеумен облыстың арнайы прокуратурасы айналысады.

Өзгелердің жаңалығы