Қарағандыда тапсырылған әр қаруға 369 мың теңгеге дейін сыйақы төленеді

24 Сәуір 2024, 19:15
298
Бөлісу:
Қарағандыда тапсырылған әр қаруға 369 мың теңгеге дейін сыйақы төленеді
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қарағанды облысының тұрғындарын заңсыз сақталған оқ-қаруларды тапсыруға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында тұрғындардан заңсыз сақталған оқ қаруларын сатып алу бойынша кезекті акция басталды. Әрбір қару үшін 1-ден 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйақы көзделген.

Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімов Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте акцияның шарттары туралы айтып берді.

Бұған дейін мұндай акциялар кезінде облыс тұрғындары сирек кездесетін қару-жарақтарды өз еркімен тапсырған болатын. Ивашенцев жүйесінің үш оқпанды мылтығы, 1891 жылғы үлгідегі револьвер және ҰОС кезіндегі ППШ автоматы сияқты. Оқ қаруы мен қару-жарақ заттарының айналымы жөніндегі мәселе облыста да, жалпы республикада да өзекті болып табылады. Статистикаға сәйкес, оқ қаруын қолданатын барлық қылмыстар полиция органдарында тиісті тіркеусіз заңсыз айналымдағы қарудан жасалған, – дейді Бағдат Кәкімов.

Жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 52 қару, ал өткен жылы 137 қару тәркіленді. Сондай-ақ 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыдағы "Қорған" аңшылық дүкенінен бес қару ұрланған.

2023 жылы Қарағанды облысында акция барысында тұрғындардан 66 түрлі қару сатып алынды, ол кейіннен жойылды. Өздерінде заңсыз сақталған оқ қаруын ақшалай сыйақы алу үшін тапсыруға ниет білдірген азаматтар қалалық, аудандық полиция органдарының кез келген бөлімшесіне өтініш жасай алады. Тексеруден кейін тапсырылған қарудың әрбір бірлігі үшін 1-ден 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде сыйақы белгіленеді, – деп атап өтті ол.

Атыс қаруын өз еркімен тапсырған тұрғындар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Оқ қаруын сатып алу акциясы Қазақстанда 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқ қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы