Қарағандыда шетел азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды

24 Қараша 2022, 18:56
719
Бөлісу:
Қарағандыда шетел азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды
VIDEO

Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, деп хабарлады BAQ.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы арызбен шағымданып, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, елордаға алып кеткені туралы хабарлаған. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел іздестіру іс-шаралары барысында Астанадағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Өзгелердің жаңалығы