Қарағандыда «RoboLand 2023» VIII халықаралық фестивалі басталды

2 Қараша 2023, 18:59
517
Бөлісу:
Қарағандыда «RoboLand 2023» VIII халықаралық фестивалі басталды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

3-4 қарашада Қарағанды ​​облысында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «RoboLand 2023» VIII халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл - Қазақстандағы техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ірі робототехнологиялық жобаларының бірі. Байқаулар ең қызықты және әсерлі 16 номинациядан тұрады. 

Биыл байқауға балалар мен жасөспірімдерден бөлек педагогтер де қатысуда.

Олар RobolandKazakhstan аталымында өз өнерлерін көрсетеді. Финалда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия сынды 5 елден барлығы 300-ден астам команда бақ сынасады. 

Ұлттық құраманың намысын барлық облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының қатысушылары қорғайды. 

Айта кетейік, RoboLand ҚР Оқу-ағарту министрлігінің олимпиадалар мен жарыстар тізіміне енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы