Қарағандыда қылмыстық топ ұсталды

1 Сәуір 2024, 09:12
328
Бөлісу:
Қарағандыда қылмыстық топ ұсталды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері болып табылады. Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Өзгелердің жаңалығы