Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 9 жылға сотталды

21 Қараша 2022, 15:41
1164
Бөлісу:
Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 9 жылға сотталды

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды аумағында қаржы пирамидасын құру фактісін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмыстық схема жылына теңгедегі салымдар бойынша 24%-ға дейін және шетел валютасында 6%-ға дейін немесе ай сайын 5%-ға дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тарту болды. 

Яковлева И.В. 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды және Павлодар облыстарында «Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы» ЖШС филиалдарын ашып, осы қаржы пирамидасын басқарды.

Осылайша, Яковлева И.В. өзінің қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 180 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген. 

Соттың үкімімен Яковлева Ирина Викторовна кінәлі деп танылып, оған қаржы ұйымының, банктік және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан, 7 жыл мерзiмге қаржылық ұйымның қатысушысы құқығынан  айыра отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы