Қарағандыда автобус жүргізушісінің қарт жолаушыға жасаған әрекеті жұрттың наразылығын тудырды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші зейнеткерді автобустан түсіріп, кейін оның азық-түлік салынған қораптарын көлік дөңгелегімен басып өткен. Оқиғадан кейін жүргізуші жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео арқылы №145 бағыттағы автобустың 40 жастағы жүргізушісі анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Полицияның хабарлауынша, жанжалға зейнеткердің жүгі себеп болған. Жүргізуші қариядан автобустан түсуді талап етіп, азық-түлік салынған сөмкелерін жолға шығарып тастаған. Салдарынан қораптар жыртылып, ішіндегі алма мен қызанақ асфальтқа шашылған. Оларды өтіп бара жатқан көліктер мен автобустың өзі басып кеткен.
Жүргізушіге жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 21 625 теңге айыппұл салынды. Әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот шешімі шыққанға дейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.