Қарағандыда пакетке оралған нәрестенің мәйіті табылды

10 Сәуір 2022, 02:40
2027
Бөлісу:
Қарағандыда пакетке оралған нәрестенің мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды тұрғыны гараж маңынан пакетке оралған жаңа туған баланың денесін тауып алды, деп жазды ҚазАқпарат.

9 сәуірде Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлері оның зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың денесі екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100- бабына («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

 

Өзгелердің жаңалығы