Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді

26 Ақпан 2024, 09:25
270
Бөлісу:
Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді
VIDEO
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін таңғы сағат 06:32-де Қарағанды қаласының А. Бөкейханов атындағы ауданында "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цех шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

ТЖД жоғары шақыру дәрежесі бойынша жетті. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 58 адамы және 16 техникасы жұмыс істеді. Сағат 07:52-де өрт сөндірушілердің күшімен шамамен 400 ш.м. алаңды шарпыған өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сағат 08:22-де толық сөндірілді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы