Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, екі адам зардап шекті

2 Наурыз 2024, 03:14
455
Бөлісу:
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, екі адам зардап шекті
Фото: BAQ.KZ архив

Қарағандыда тоғыз қабатты үйдегі пәтер өртеніп, 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылған.

Ведомствоға сағат 17:53 шамасында Гүлдер-1 ықшамаудандағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 8-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Өрт ауданы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 18:26-да сөндірілгені белгілі болды.

Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып 10 адамды құтқарды, оның 3-і балалар, 12 адамды эвакуациялады, оның екеуі – балалар. Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді, - делінген министрліктің хабарламасында.

Өрт орнына жеке құрамның 30 адамы мен 8 бірлік жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы