Қарағандыда көне кітаптар көрмесі өтті

11 Қыркүйек 2022, 12:10
1400
Бөлісу:
Қарағандыда көне кітаптар көрмесі өтті

 Қарағандыдағы тарихи-өлкетану музейінде көне кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап. 

Жұртшылық назарына ұсынылған 7 туындының ең құндысы – XIX ғасырдың басында басылған Құран мен Библия. Сондай-ақ мұнда 1650 жылы жарық көрген «Шестоднев» ескі дәстүрлер кітабының көшірмесі бар. 

Ал «Жазу тарихына арналған материалдар» деп аталатын кітап 1855 жылы жазылыпты. Жинаққа ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған аудармалар мен зерттеулер енген. 

Оны музейге Қарағандыдағы алғашқы ұстаздардың бірі Балқаш Әбиев ақсақал 1966 жылы тапсырыпты. Қазір жалпы музей қорында 14 мыңнан астам құнды құжаттар мен кітаптар бар екен. 

«Жәдігерлер шері» жобасы аясында өтіп жатқан көрме бір айға жалғасады. 

 Мына кітаптың ішінде әртүрлі халықтың көне алфавиттері берілген. Таблицамен берілген, міне. Моңғолдікі, Ирандікі, содан кейін Грек, Рим, солардың барлығы берілген. Қазіргі зерттеушілерге мынау енді көне жәдігер ғой, ішінде жазылған ақпарат керек болады деп ойлаймын,- дейді тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Меруерт Орысбаева.

Өзгелердің жаңалығы