«Казак Вольница» – Қарағанды қаласының халық ән-би ансамблі. Қазір оны Қазақстанның кез келген өңірінде қуана қарсы алады, деп хабаралайды BAQ.KZ тілшісі.
Он бес жылдық тарихы бар ансамбль халық өнерінде бақ сынап көруді армандаған казактардан құрылған көркемөнерпаздар тобынан бастау алған. Ансамбль мүшелері ол кезде ерікті түрде қойылымдарға кәсіби мамандарды шақыру іс жүзінде мүмкін болмағанын айтады. Музыканы да, хореографияны да өздері үйренген.
Содан кейін сахналық бейнелерді жасауда қателеспес үшін костюм тарихын зерттей бастадық. Бәрін өзіміз тіктік. 2008 жылы алғаш рет көпшілік алдында өнер көрсеткеннен кейін Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалының назарына іліктік. Содан бері ұжым қала мен облыстың барлық мәдени іс-шараларына әртүрлі сахналық алаңдарда қатысып, танымалдылыққа ие болды. Ансамбльдың облыстық және республикалық ауқымдағы фестивальдар мен байқаулардан ұтқан жүлделері көп, - дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Татьяна Сим.
Қазір ансамбльдің аға мүшелерінің саны – 20, ал кіші мүшелерінің саны – 10. Балалар тобы 2011 жылдың қыркүйегінде құрылып, жылдар өте тәуелсіз ұжымға айналды. Оларды іріктегендегі негізгі критерий жастарының бес жастан кіші болмауы болатын. Бірақ ансамбль мүшелерінің айтуынша, «Казак Вольницасының» бір бөлігі болу үшін тамаша вокалдық қабілеттер немесе би шеберлігі қажет емес. Оның барлығын үйренуге болады. «Ең бастысы – тәртіп пен шығармашылық әлеуетті ашуға деген ұмтылыс».
Бүгінде казактар шетелге гастрольге сирек шығады, бірақ әртістердің өнері көрерменнің жадында сақталып қалады. Оған бірнеше тілдегі бай репертуар мен жарқын, көңілді қойылымдар көмектеседі. Былтыр шілдеде ансамбль Геннадий Заволокиннің 75 жылдығына орай Новосібірде өткен халықаралық Play Harmony фестиваліне шақырту алды. Сондай-ақ өнерпаздарды жыл сайын Көкшетауда өтетін орыс және казак әндерінің халықаралық фестивалінің сахнасында көруге болады.
Біздің ұжыммен байланысты үлкен іс-шаралардың бірі – Масленица мерекесі. Біз көрерменге ән айтамыз, шай беріп, құймақ пен бауырсақтан ауыз тигіземіз. Бұл үлкен концерттік бағдарламаға қаламыздың басқа мәдени орталықтары да қатысады. Достарымыздың бізді қолдайтынын білеміз. Бірақ біз де шет қалмаймыз. Мысалы, татар-башқұрттардың Чак-чак мерекесіне қатысамыз. Бұл мереке қарағандылықтарға ұнады, - деді Татьяна Сим әсерімен бөлісіп.
Казактар жаңа қойылымдарды жоспарлап отыр. Өйткені адал көрермені сүйікті әншілерін қайдан табуға болатынын біледі және кез келген ауа райына қарамастан казак мотивтерін есту үшін келеді.