Қарағандыда есірткі сататын 137 сайт жабылды

18 Наурыз 2019, 22:19
3092
Бөлісу:
Қарағандыда есірткі сататын 137 сайт жабылды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Қарағанды облысының құқық қорғаушылары есірткіні және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қатысты 479 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтаған.

Бұл жайында Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин тұрғындармен кездесуде айтты.

Полиция басшысы өткен жылы облыста ауыр қылмыстар, көшедегі құқық бұзушылықтар төмендегенін айтты. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалатын қылмыстар саны азайған. Дегенмен, облыста ғаламтор арқылы алаяқтық жасайтындар көбейген. 2018 жылы интернет-алаяқтық фактілері бойынша 386 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, заңсыз есірткі тасымалдаумен айналысатындар мен синтетикалық наркотик сататындар азаймай тұр.

«2018 жылы 2 тоннаға тарта есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 6 келі героин бар. Дегенменде, тұрғындардың әсіресе жастардың арасында синтетикалық есірткіні тарату мәселесі үлкен проблемалардың бірі болып отыр. Қазіргі уақытта наркотиктің жаңа түрлі синтетикалық есірткіні және психотропты заттарды сату тенденциясы бар. Ол үшін ғаламтор қолданылуда. Осы зұлымдықпен күресу үшін есірткі және психотроптық заттарды ашық жарнамалау жүргізілетін интернет-ресурстар анықталып, бұғатталады. Әлеуметтік желіде есірткі сатушылар осындай сайттарға сілтеме қалдырып отырады. Полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмыстарының арқасында өткен жылы осындай 137 сайт бұғатталды», - дейді Ерлан Файзуллин.

Өзгелердің жаңалығы