Қарағандыда болған атыс видеоға түсіп қалған

25 Қыркүйек 2022, 02:18
5814
Бөлісу:
Қарағандыда болған атыс видеоға түсіп қалған

Қарағандыда болған атыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көшедегі бейнебақылау камераларынан алынған видеодан белгілі болғандай, атыс Қарағандының Тәттімбет көшесінде басталған.

«ВАЗ 2114» автокөлігінде болған шабуылдаушылар «BMW X6» көлігіне оқ ата бастаған. Сондай-ақ көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, ізін суытпақшы болған.

Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген.

Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазір  ол тергеуге алынды.

Өзгелердің жаңалығы