Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

11 Қараша 2024, 15:22
284
Бөлісу:
Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ел аумағында ұйымдастырылған "Қарасора - 2024" операцияның қалай өткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында «Қарасора - 2024» кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.  Операция құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған, - деді Шыңғыс Алекешев.

Іс-шара барысында 1607 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде:

- 799 сату фактісі;
- есірткіні заңсыз сақтаудың 194 фактісі;
- 245 өсіру фактісі.

Заңсыз айналымнан 21,5 тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде:

- 1,5 кг-нан астам героин;
-  шамамен 4,5 тонна марихуана;
- 200 кг-нан астам гашиш;
- 187 кг синтетика;
- 16 тоннадан астам каннабис өсімдігі және құрамында есірткі бар өсімдіктердің 180 мың бұтасы анықталды.

Операция барысында полиция екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Қарағанды облысында ұйымдасқан топ анықталды. 15 күдікті ұсталды. Олар "мефедронды" Telegram арқылы сатқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Алматыда 5 адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленді. Бұлар да интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Тінту кезінде күдіктілерден 20 кг «мефедрон» және 750 кг прекурсор тәркіленді, - деді ІІМ ресми өкілі "Қарасора - 2024" кең ауқымды операциясының қорытындысы туралы өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы