Қарағандыда 600 шақырым темір жол торабы жөнделді

20 Шілде 2023, 17:25
910
Бөлісу:
Қарағандыда 600 шақырым темір жол торабы жөнделді
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Қарағанды өңірінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 600 км темір жол жөнделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көлемінен 100 км артық. Магистральдық желіде белсенді жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда Мойынты – Қарағанды – Астана учаскесінде жолды сауықтыру жұмыстары аяқталды. Мұнда кешенді жөндеу 2,5 ай бойы жүргізілді. Жұмыстың ауқымды бөлігі атқарылды. 76 км жол бойында ластанған балласты терең тазарту жүргізілді. Сонымен қатар 78 мың ескі темірбетон шпалдары ауыстырылып, бағыттамалық бұрмалардың 22 жиынтығы төселді. Бұдан басқа рельс бунақтарының тұтастығы бойынша 457 орын қалпына келтірілді. Арнайы машиналарды қолдана отырып, 116 км жолға түзету жұмыстары жүргізілді, - делінген «Қазақстан темір жолы» таратқан хабарламада.

2023 жылдың соңына дейін барлығы 1 126 км теміржол магистралін жөндеу жоспарлануда, оның 557 км - күрделі.

Өзгелердің жаңалығы